NEWS

share-architects.com
17
Sep

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ – Қазақстанда алғаш рет халықаралық сәулетшілер делегациясы қатысатын SHARE Architects форумы өтеді

11 қыркүйек 2025 ж., Алматы – Алматыда сәулет пен қаланы дамытуға арналған екі күндік халықаралық форум — SHARE Kazakhstan өтеді. Форумға әлемнің 18 елінен 30-дан астам жетекші сәулетші қатысады. Форумның негізгі бағдарламасы 2025 жылғы 25 қыркүйекке жоспарланған.

Делегация құрамына үздік халықаралық сәулет бюроларының өкілдері кіреді. Олардың қатарында Zaha Hadid Architects (Ұлыбритания), Paragram Stúdió (Мажарстан), XTU Architects (Франция), MAD Architects (Қытай), United Network Studio (UNS, Нидерланд), сондай-ақ Қазақстан, Орталық Азияның басқа елдері мен Еуропаның жетекші сәулетшілері бар.

Форумды SHARE Architects халықаралық платформасы ұйымдастырып жатыр. Бұл платформа 30 жылдан бері Орталық және Шығыс Еуропа мен Кавказдағы сәулетшілер мен мердігерлерді біріктіріп келеді.

«SHARE форумын Қазақстанда, Алматы қаласында өткізетінімізге қуаныштымыз. Алматы – аймақтың мәдени және экономикалық орталығы ғана емес, сондай-ақ сәулет болашағы туралы диалог жасайтын маңызды алаң. Біз халықаралық тәжірибе мен жергілікті сараптаманың синергиясы дәстүр мен заманауи талғамы үйлескен орнықты даму жолындағы жаңа жобалар жасауға шабыт беретініне сенімдіміз», — деді SHARE Architects негізін қалаушы Флорин Миндириджиу.

Қазақстан және аймақтың басқа елдері қазір қала ортасын жаңғырту мен орнықты даму бағытындағы жаңа жобаларды іске асыру кезеңінде тұр. SHARE Kazakhstan форумы – қазақстандық және халықаралық сәулетшілер, девелоперлер мен урбанистердің басын қосып, кәсіби диалог жасайтын бірегей алаң. Бұл Қазақстанның әлеуетін көрсетуге, ірі жобаларды таныстыруға және әлемдік тәжірибе мен инновацияға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Халықаралық қатысушылар форумда ынтымақтастықтың жаңа перспективасына қол жеткізіп, Алматының, жалпы Қазақстанның қарқынды дамуымен танысады. Сондай-ақ жергілікті ұйымдармен, мекемелермен серіктестік орнатуға жол ашады. Мұндай іскерлік байланыс Қазақстанның аймақтағы сәулет ой орталығы ретіндегі рөлін күшейтеді және орнықты, заманауи әрі адамның өмір сүруіне бейімделіп жасалған қалалардың қалыптасуына ықпал етеді.

Форум бағдарламасы мәнді де мазмұнды екі күнді қамтиды. Жетекші халықаралық және аймақтық сәулетшілердің дәрістері мен пікірталастарына толы іс-шарада қаланы адамдардың өмір сүруіне бейімдеп жобалау, урбанизм, қалаларға трансформация жасау және берік болашақты қалыптастыру сынды тақырыптарды ерекше атап өтуге болады.

Форумның негізгі спикерлері мен панельдік талқыға қатысушылардың қатарында New London Architecture Society теңқұрылтайшысы Питер Мюррей, Zaha Hadid Architects директоры Мануэла Гатто, Enota Architects негізін қалаушы Дин Лах, Kohn Pedersen Fox (KPF) бас дизайнері Джон Бушелл, XTU Architects теңқұрылтайшысы Анук Лежандр, MAD Architects серіктесі Андреа Д’Антрасси, TAM Associatti негізін қалаушы Симоне Сфризо, LDA директоры Бенджамин Уокер және басқа да сарапшылар бар. Олардың сөзін аймақтық жетекші өкілдер де толықтырады. Атап айтқанда, «Алматыгенплан» ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Асхат Садуов пен Basire Design Group теңқұрылтайшысы Алексей Ивженко сөз сөйлейді.

Форум құрылыс пен жылжымайтын мүлік саласына маманданған RAMS Qazaqstan компаниясының қолдауымен өтеді. Іс-шараның институционал серіктестері – Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағы және Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы. Ал ұлттық серіктестер қатарында Grohe (сантехникалық шешімдер), Thorn және Zumtobel (жарықтандыру жүйелері), сондай-ақ Basire Design Group (кеңселік серіктес) бар.

Іс-шараға 250-ден астам қатысушы жиналмақ. Сәулетшілер, инженерлер, құрылыс материалдары мен сәулет технологияларын жеткізушілер, сондай-ақ девелоперлер тіркеле алады.

Соңы

SHARE Kazakhstan форумына сілтеме:

https://2025.share-architects.com/share-kazakhstan-forum/

SHARE Architects компаниясы туралы

SHARE Architects – Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ бен Орталық Азияның сәулетшілері, инженерлері мен мердігерлерін біріктірген халықаралық сәулет платформасы. Бұған дейін компания 106-дан астам іс-шара (конференциялар мен форумдар) өткізіп, оған шамамен 20 000-ға жуық кәсіби маман мен 2 100-ден астам спикер қатысты. Осылайша ең белсенді кәсіби ортаның біріне айналды.

Сондай-ақ, компания бірқатар ірі сәулет байқауларын ұйымдастырып, жұмысын үйлестіреді. Олардың қатарында Болгарияның сәулет сыйлығы, Мальтаның сәулет сыйлығы, Косовоның сәулет биенналесі және т.б. бар.

SHARE Architecture Awards – бұл архитектура саласындағы жетістіктерді атап өтетін және инновациялық жобаларды әлемге танытатын халықаралық платформа. Биыл байқауға 20 елден 117 финалист қатысып жатыр, олардың ішінде Өзбекстан бар. Марапаттау рәсімі 3–5 желтоқсанда Австрияның Дорнбирн қаласында өтеді.

SHARE Architects Society қауымдастығы (жабық кәсіби қауымдастық) жүздеген сәулетшіні біріктірген. 2024 жылы қауымдастыққа қатысушылар саны 53 елден 920 адамға жетті. Жаңа мүшелердің арасында Притцкер сыйлығы мен Ага Хан сыйлығының лауреаттары Ван Шу, Лу Венъю және Эмре Аролат бар.

2019 жылы «Болашақ сәулетшілердің профилін жасау» деген жарияланым «Бухарест архитектурасының жылнамасы — 2020» байқауында арнайы марапатқа ие болды.

БАҚ-қа арналған байланыс:

Наталья Романенко

Тел.: +7 707 717 10 49

Email: dem.natalya@gmail.com

Екатерина Устиненко

Тел.: +998 93 518 87 56

Email: ekaterina@dna-uzbekistan.com